oC

 «Бала жетістігі – бірлескен жұмыстың нәтижесі» атты үйден білім алатын оқушылардың ата-аналарына арналған ашық есік күні

Шараның негізгі мақсаты – үйден білім алып жатқан оқушыларға қолдау көрсету, олардың жетістіктерін насихаттау және ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту болды.

Кездесу барысында директордың ақпараттық технологиялар ісі жөніндегі орынбасары Жабағы Ерболат Ғабитұлы үйден білім алып жатқан оқушылар туралы мәлімет беріп, олардың оқу жетістіктері мен түрлі бағыттағы белсенділіктеріне тоқталды.

Сонымен қатар мектепішілік, қалалық, облыстық байқаулар мен іс-шараларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болған оқушыларды мектеп басшысы Козбагарова Карлыгаш Серикбаевна арнайы құттықтап, марапаттады. Оқушыларға мектеп тарапынан сыйлықтар табысталып, білім жолындағы талпыныстары мен еңбектеріне құрмет көрсетілді.

Шара барысында мектеп өміріне белсене араласып, бала тәрбиесі мен оқуына үнемі қолдау білдіріп жүрген ата-аналар мектеп басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында жалғасып, ата-аналар мектеп ұстаздары және әкімшілікпен өзара ой бөлісті. Ата-аналардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, алдағы жұмыстар бойынша маңызды мәселелер талқыланды.

Шара соңында мектеп психологтары оқушылар мен ата-аналарға арнап психологиялық тренинг өткізіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер сыйлады.


 13 қараша 2025 жылы Арқалық қаласындағы педагогикалық университеттің 3-курс ағылшын тілі мамандығының студенттері А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияға келіп, мектептегі «DARA» инклюзивті білім беру ресурстық орталығының жұмысымен танысты.

Кездесу барысында студенттер инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру жолдары, сондай-ақ қолданылатын әдіс-тәсілдер мен дидактикалық материалдарды көріп, тәжірибе жүзінде танысты.

Сала мамандарына өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар орталықтың психологы, логопеді және ассистенттері студенттерге оқытуда қолданылатын түрлі жаттығулар мен әдістемелерді таныстырып, тренинг өткізді.

Бұл кездесу студенттер үшін тәжірибе алмасуға, инклюзивті білім берудің мазмұны мен маңызын терең түсінуге зор мүмкіндік берді.


Бағдарламасы Арқалық қаласы

 

«Инклюзивті білім – қоғам қажеттілігі»

Инклюзивті білім қоғам қажеттілігі

Жылдық есебі 2023-2024 Рахалиева Г.Б.