24.10.2025 күні мектеп-гимназиямызда қалалық білім бөлімінің хатына сәйкес 5-8 сынып оқушыларының математика пәні бойынша жасөспірімдер олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Жалпы қатысқан 28 оқушы. 5 сыныптардан 12 оқушы, 6 сыныптардан 4 оқушы, 7 сыныптардан 8 оқушы, 8 сыныптардан 4 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша бірінші орын алған 5 сыныптан Қайрат С, 6 сыныптан Өмірбек Мейіржан, 7 сыныптан Қайрат Ж, 8 сыныптан Койшыкулова Ж қалалық кезеңге жолдама алды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!









