17–24 қараша 2025 жыл аралығында мектеп-гимназиямызда әдістемелік жоспарға сай "Білім, құндылық және жасанды интеллект – жаңа ғасырдың тірегі" тақырыбында 3–4 сыныптар апталығы жоғары деңгейде өтті.
📚 Апталықтың алғашқы күні салтанатты ашылумен басталып, жас білімпаздар өз өнерлері мен қабілеттерін ортаға салып, тамаша көңіл-күй сыйлады.
👩🏫 Апталық бойы ұстаздарымыз шығармашылыққа толы ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыра білді. Әсіресе, жасанды интеллектті сабақ үрдісіне тиімді кіріктіріп, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қолданғаны – апталықтың басты ерекшелігі болды. Балалар жаңа технологиялармен жұмыс істеп, өз ойларын еркін жеткізіп, білімдерін жаңа қырынан дамытты.
🌟 Бұл апталық оқушыларға білім мен құндылықтың, технология мен шығармашылықтың үйлесімін сезінуге мүмкіндік берді.
👏 Белсенділік танытқан ұстаздарымызға, ынтамен қатысқан оқушыларға және қолдау көрсеткен ата-аналарға алғыс айтамыз! Бірге дамып, бірге өркендей берейік!














