2026 жылдың 05 қаңтарында білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және озық тәжірибені тарату мақсатында №3 әдістемелік кеңес отырысы ұйымдастырылды. Кеңестің тақырыбы: «Жаңашыл мұғалімнің жаңашылдыққа көзқарасы».
Кеңес барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда,
🔹 «Шәкірт жетістігі – мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жемісі» тақырыбында аттестациядан өтетін Кикишева Асем Мураталиеваның шығармашылық есебі тыңдалды;
🔹 І жартыжылдық бойынша ғылыми-әдістемелік бағытта дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыстардың нәтижелері талданды; Баяндамашы директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Кикбаева А.Т.
🔹 Қалалық жалпы пән олимпиадасының қорытындысы шығарылып, жетістіктер мен алдағы міндеттер айқындалды; Баяндамашы директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Копанова Н.Л.
🔹 Жас мамандардың І жартыжылдықтағы жұмыстары сараланып, кәсіби қолдау көрсету жолдары қарастырылды;
🔹 І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша педагогтердің рейтингтік көрсеткіштері ұсынылды.
Отырыс аясында педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған мониторинг, бейнероликтер арқылы тәжірибе алмасу, рейтингтік көрсеткіштерді талдау секілді өзекті мәселелер қамтылды. Бұл жұмыстар мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін арттырып, білім беру
үдерісіне жаңашыл көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік кеңес соңында бірқатар ұсыныстар қабылданып, алдағы оқу кезеңіне нақты міндеттер белгіленді. Мұндай басқосулар педагогтердің кәсіби өсуіне серпін беріп, сапалы білім берудің берік негізін қалайды.
✨ Білімді ұрпақ – білікті ұстаз қолында!







