✨ Бастауыш сыныптар апталығы – білім мен шығармашылықтың жарқын көрінісі! 14.04-20.04.2026 жылы мектеп-гимназиямызда "Жасанды интелек дәуіріндегі бастауыш білім" атты
1–2 сынып оқушыларына арналған бастауыш сыныптар апталығы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды іс-шараларға толы өтті. Апталық барысында оқушылар өз білімдерін тереңдетіп қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін де кеңінен көрсете білді.
🎯 Апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, білім сапасын көтеру, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, сондай-ақ заман талабына сай білім алуға бағыттау.
📌 Апталық аясында мұғалімдер ашық сабақтар өткізіп, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, оқушылардың білімін арттыруға ерекше көңіл бөлді. Түрлі интерактивті тапсырмалар, ойын элементтері мен жаңа технологиялар сабақтың мазмұнын байытып, оқушылардың белсенділігін арттырды.
📌 Сонымен қатар, оқушылар сахналық қойылымдар қойып, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін паш етті. «Жасанды интеллект дәуіріндегі бастауыш білім» тақырыбы аясында ұйымдастырылған жұмыстар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, жаңа білімге деген қызығушылығын арттырды.
👧🧒 Оқушылардың сахнадағы еркіндігі, белсенділігі мен ынтасы көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Әрбір бала өз қабілетін танытып, жаңа тәжірибе жинақтады.
🌟 Апталық – білім мен тәрбиенің, өнер мен ізденістің тоғысқан ортасына айналды.
👏 Осындай игі шаралар жас ұрпақтың жан-жақты дамуына жол ашып, олардың болашаққа деген сенімін нығайта түседі.






