А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясында 03.04-13.04.2026 аралығында жаратылыстану пәндері онкүндігі өтті. Онкүндігі мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту болды.
🔬 Онкүндік барысында химия, физика, биология және география пәндері бойынша ашық сабақтар мен түрлі танымдық іс-шаралар өткізілді. Әр сабақта заманауи әдіс-тәсілдер мен цифрлық платформалар тиімді қолданылып, оқушылардың белсенділігі артып, пәнге деген қызығушылығы күшейе түсті. Топтық, жұптық және тәжірибелік жұмыстар арқылы білімдерін практикамен ұштастыруға мүмкіндік алды.
🎓 Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен жаңашыл көзқарасы сабақтардың сапалы өтуіне негіз болып, оқушылардың сыни ойлау, өз ойын еркін жеткізу дағдыларының дамуына ықпал етті.
🏆 Онкүндік қорытындысында белсенділік танытқан оқушылар марапатталып, барлық жоспарланған жұмыстар өз деңгейінде толық жүзеге асырылды.
📚 Жаратылыстану пәндері – білім мен ізденістің, жаңалық пен дамудың бастауы!






