Қазанның 2-ші жұлдызында, Қостанай қаласы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде»
Арқалық қаласы «А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы» және Рудный қаласы
«Б.Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» тірек мектептерінің география пәні
мұғалімдері тағылымдамадан өтті.
Мақсаты: Тірек мектептерінің әлеуетін дамыту, оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерімен
бөлісу, тәжірибе алмасу .
Семинар барысында ашық сабақтар, семинар - практикумдар өткізілді. Сабақ
барысында жаңа әдіс–тәсілдер, АКТ қолдану арқылы сабақтар қызықты, әрі тартымды
өтті. Жаңа технологиялық әдістерді меңгердік. Семинар-практикумдар өте жақсы
деңгейде өтті, пайдалы ақпараттар алдық.
Өткізілген семинар жоспары:
1
«Литосфералық катаклизмдер» тақырыбындағы ашық-сабақ, жетекшісі:
Мурзаханов М.Б.
2
«Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары» тақырыбындағы ашық-
сабақ, жетекшісі: Сайпилов Е.С.
3
«Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау» семинар-практикум, жетекшісі:
Абдикенова Э.Д.
4
«PBL оқыту технологиясы арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын
дамыту» семинар-практикум, жетекшісі: Садвакасов А.Ж.
Әріптестерімізге алғыс айтып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасайтынымзға сенімдіміз.