oC
2023 жыл қазан айының 2-10 аралығында «Адам және қоғам» пән бірлестігінің «Ұлы дала
тарихы - ұлт тарихы» тақырыбында апталығы өтті. Алғашқы күн пән апталығының ашылу
салтанатынан басталды. Ашылу салтанатын биылғы аталып өтілетін атаулы даталарға
арнап, тарихи шолу жасап, оқушыларымыз күй тартып, өлең шумақтарын мәнерлеп оқып,
көрініс көрсетті. Апталық барысында тарих пәні мұғалімдері өз ашық сабақтарын,
сыныптан тыс іс-шараларын өткізді. Батталова Ж. А. 06.10. 10 «Б» сыныбымен «Ерте
көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті», Кадирова Н. Т. 03.10. 5 «В» сыныбымен
«Қазақстан аумағында металлургияның пайда болуы», Турсунбеков А. Ж. 03.10. 7 «Г»
"Қазақ хандығының Ресей империасына қосылуы", Қабимолда А. Ж. 09.10. 7 «В»
сыныбымен "Қазақ хандығының Ресей империасына қосылуы", Тургунбаева Г. Ш. 06.10.
11 «А»сыныбымен құқық пәнінен «Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстиция»
тақырыптарында өз ашық сабақтарын өткізді. Мұғалімдердің сабақтары өте жақсы
дейңгейде өтті. Жаңа әдіс -тәсілдерді, жаңа платформаларды пайдалана отыра
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыра білді.
Мұғалімдерімізге алдағы жұмыстарына шығармашылық табыс тілейміз.