2023 жылдың 14 қыркүйегінде "Қостанай қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі" филиалының базасында"Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасы бойынша математика пән мұғалімдері тағылымдамадан өтті. Мұғалімдерге арналған 10-11 сыныптардың күрделі тақырыбына 2 семинар-практикум және 2 ашық сабаққа қатысып, мұғалімдер бір-бірімен тәжірибе алмаса отырып, пәндік білімімдерін толықтырды. Ашық сабақтар жоғары деңгейде, жаңа технология әдістерін қолдана отырып, ағылшын тілімен байланыстыра өткізілді.