oC

2023 жылдың 09 қыркүйегінде А.Құнанбаев атындағы мектеп гимназиясының химия және биология мұғалімдері "Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасы бойынша "Қостанай қаласы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі" филиалының базасы НИШ-ке тағылымдамадан өтті. Химия және биология пәндерінен 2 семинар- практикум және 2 ашық сабақ өткізілді. Биология пәнінен "Майлардың эмульгациясы" және Жапырақтың ішкі құрылысы" тақырыптарында ашық сабақтар өз деңгейінде көрсетілді. Химия пәнінен "Зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында алынған эксперименттік мәліметтерді бағалау және талдау" , биология пәнінен " Ферменттердің белсенділігіне субстрат концентрациясының әсері" тақырыптарында семинар - практикумға қатысып, мұғалімдер бір бірімен тәжірибе алмасып, пәндік білімдерін толықтырды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздарына үлкен шығармашылық табыс тілеп, алғыстарын айтып, кері байланыс жасалынды.