Мектебіміздің тарих пәні мұғалімдері 2023 жылдың 4 қазанда "Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасы бойынша "Қостанай қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі" филиалының базасы NIS-те тағылымдамадан өтті. Семинар барысында «Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдары қандай болды?» тақырыбында ашық сабаққа және «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау», «Тарихи концептілер негізінде Қазақстан тарихы пәнін оқытудың ерекшелігі» тақырыптарында семинар-практикумын өткізілді. Семинарда оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, оқу үрдісіне критериалды бағалауды енгізуде білім беру ресурстарын қолдану мәселелері бойынша үлгілі сабақтар барысында тәжірибе алмасу, талдау жүргізіліп, кері байланыс жасалды. Осындай семинарлар жиі өтіп жатса өте жақсы болар еді, ұстаздар да бір бірімен тажірибе алмасып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қажырлы еңбек ете бермек. NIS ұстаздарына алғысымызды білдіре отырып шығармашылық табыс тілейміз!