Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен 11- қазан күні ұстаздарға арналған «Педагогикалық идеялар фестивалі» атты қалалық байқау ұйымдастырылды. А.Құнанбаев атындағы мектеп – гимназиямыздың атынан дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мағауов Ерболат Абайұлы қатысып, өз сабақтарындағы қолданып жүрген жаңа, тың идеяларымен таныстырып, нәтижесінде жүлделі 3 – орынды иеленді. Ұстазымызды марапатымен құттықтай отырып, еңбек жолына тек өсу мен өркендеу тілейміз!