29.11.23 жылы "Арқалық қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты жалпы орта білім беретін мектептердің 8-сынып оқушылары арасында "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәндерінен қалалық олимпиада өтті. Пән олимпиадасын ұйымдастырушылар Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, "Педагогика және филология" факультетіне қарасты 6В01701-Қазақ тілі мене әдебиеті, 6В01704-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламалары. Олимпиада мақсаты-оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша теориялық және практикалық білімдерін тереңдетіп, ұлттық дүниетанымын кеңейтуге, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін бағалауға мүмкіндік беру. Олимпиадаға барлығы 46 оқушы қатысты. Олимпида қорытындысы бойынша мәтінмен жұмыс және әдеби-теориялық талдау қорытындысы бойынша жақсы нәтиже көрсеткен мектеп-гимназиямыздың 8 сынып оқушылары Ерғазина Балым, Қанатқызы Гүлсезім алғыс хатпен марапатталды. Жетекшілері: Ибикенова Л.Қ, Кендирбекова Л.А.