oC

Ағымдағы жылдың қараша айында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Менің Тәуелсіз Қазақстаным" тақырыбында графикалық жұмыстар конкурсының қалалық кезеңі өтті. Байқауға қала, ауыл мектептерінің 2-8 сынып оқушылары қатысты. Байқау 3 категория бойынша өтті. 2-4 кіші жас, 5-6 орта жас, 7-8 ересек жас категориясы бойынша. Байқау қорытындысы бойынша мектеп-гимназиямыздың орта жас категориясы бойынша 5Г сынып оқушысы Өмірбай Аяулым ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Дүйсенов Қуандық Алдабергенұлы . Жеңістеріңіз құтты болсын!