19.01.24 жылы Қала білім бөлімінің жоспарына сәйкес Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның ұйымдастыруымен 7-8- сынып оқушылары арасында ағылшын тілі пәнінен
«Learn English – Access the World» тақырыбында олимпиадасы өтті. Мақсаты: оқушылардың ағылшын тілі пәні бойынша білім көрсеткішін бағалау, дарындылық
қабілетін дамыту. Олимпиадаға қала және ауыл мектептері қатысты. Біздің мектеп- гимназиямыздан 7 "А" сыныбынан Әшір Жансая, 8 "Б" сыныбынан Әбузар Нұрдаулет қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша Әшір Жансая ІІІ орын. Жетекшісі Капакова А.Ш. Әбузар Нұрдаулет ІІ орын. Жетекшісі Кикбаева А.Т. Жеңістеріңіз құтты болсын!