oC

22.01.-30.01.24 жылы "А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы" КММ -де "Орыс тілі және әдебиеті" пән бірлестігінің "Волшебная сила слов" атты апталығы өтті. Апталық барысында пән мұғалімдері өздерінің ашық сабақтары мен сыныптан тыс сағаттарын өткізді. Апталық ашылу салтанатынан басталды. Оқушылар орыс тілінде мәнерлеп өлеңдер оқып, орысша әндер айтты. Апталық барысында Онжанова Л.М 10 "Б" сыныбымен "В. М. Гаршин. "Литературный храногроф" тақырыбында, Есмуратова А.К. 10 "А" сыныбымен "А.И. Куприн. "Гранатовый браслет", Ахметова А.С. 7 "А" сыныбымен "В мире чисел" тақырыбында, Сапабекова А.А. 8 "В" сыныбымен "Ч.Айтматов "Плаха" (Фрагмент об Акберене), Турсынбекова А.М. 8 "А" сыныбы "Ч.Айтматов "Плаха", Ғарифолла Ж.Т. 4 "А" сыныбы "Гроза" тақырыптарында өтті. Ұстаздарымыз өз сабақтарына жан-жақты шығармашылықпен, үлкен ізденушілікпен дайындалған. Сабақтарында жаңа технологияларды, интербелсенді тақтаны, жаңа платформаларды кеңінен және тиімді пайдалану арқылы, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра білді. Сабақтарына мектептегі әріптестері қатысып, оң бағаларын беріп, кері байланыс жасалды.