25.01-26.01.24 жылы мектеп-гимназиямызда 3-4 сыныптардың әдістемелік күні өтті. Мақсаты: Әріптестермен тәжірибе алмасу.Әдістемелік күн барысында Әубәкірова А.Ғ. 3 "А" сыныбымен математика пәнінен "Есептеу. Қорытындылау" тақырыбында, Жақанова А.У. 3 "Б" әдебиеттік оқу "Қазақ биі. Шара Жиенқұлова" , Абдрахманова А. 3 "В" Қазақ тілі "Негізгі және туынды зат есім", Ибраева С.Д. 3 "Г" сынып әдебиеттік оқу "Аққұс туралы аңыз", Оралбаева К.Ө. 4 "Б" Қазақ тілі "Жатыс септік", Альмағанбетова Г.Ш. 4 "В" математика "Пікірлердің ақиқаттығы және жалғандығы" , Есжанова А.К. 4 "Г" сыныбы жаратылыстану " Жылу өткізгіштікті қалай қолданады?" тақырыптарында өтті. Ұстаздарымыз өз сабақтарында жаңа әдістерді, платформаларды тиімді пайдалану арқылы, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оята білді. Сабаққа қатысқан әріптестеріміз өздеріне қажетті деген әдістерді түртіп алып, өз әріптестеріне кері байланыс жасап, алғыс айтты.