А. Құнанбаев атындағы мектеп -гимназиясы бойынша «Отбасы күніне» арналған апталықтың қорытынды ақпараты
Ел Президентi мемлекет - отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап өтуіміз керек.
Заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет.Отбасы –сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Қазіргі таңда ата-анасын сыйлай білетін, ата-анасына құрмет көрсететін ұрпақ тәрбиелеу әр ұстаздың міндеті болып табылады. Осыған орай 02-08 қыркүйек аралығында А. Құнанбаев атындағы мектеп –гимназиясы «Отбасы күніне» арналған апталық жүргізілді.
1-11 сынып жетекшілері тарапынан «Отбасы-тәрбие бастауы» оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, ата-аналарға, үлкендерге құрмет көрсету мақсатында тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағат барысында оқушылардың адами сезімдерін оятып, оларды адамгершілікке, тәрбиелілікке, әдептілікке баулып, өз елінің патриоты болуға үйретеді. Сонымен қатар оқушылар отбасында бір-бірін және үлкенді сыйлауға, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетуге, отбасы құндылықтарын дәріптей білуге үйретеді.
1-11 сынып жетекшілері ата-аналардың тәрбие мәселелеріндегі педагогикалық сауаттылығын арттыру мақсатында педагог-психолог мамандарды қатыстыра отырып «Баланың бас ұстазы ата -ана» тақырыбында ата-аналар жиналыстарын өткізілді. Жиналыс барысында педагог-психологтар Мырзагалиева М.С.,Байбосынова Қ.Г. ата-аналармен қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру мақсатында отбасыдағы сенімділік байланысын дамытуға бағытталған тренингтер, сауалнамалар жүргізілді.
Апталық аясында әлеуметтік педагогтар Тургумбаева Г.Ш.,Серкешова Г.Б. тарапынан Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша 5-10 сыныптар арасында сауалнама жүргізу. Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясы шеңберінде «Жақсылық жасауға асылайық!» тақырыбында қайырымдылық акция жүргізілді. Акция аясында азқамтылған, көп балалы отбасылардың балаларына киім, оқу құралдары берілді.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі Манетов М.М. 6 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Отбасы күні» апталығы шеңберінде ұлттық бағытта «Бес асық», «Бес табан», «Тас қамал» ұлттық асық ату ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты: Отбасы мүшелері арасында бауырмалдылық, қайырымдылық қағидаттарын нығайту. Отбасы құндылықтарын арттыру. Ойын арқылы балалардың, ата-аналардың қимыл іс - әрекетін дамыту. Балаларды ептілікке, мергендікке тәрбиелеуболып табылды. Жарыс қорытындысы бойынша барлық ата-аналар мен оқушылар марапатқа ие болды.
7 сынып арасында «Таза Қазақстан» шеңберінде отбасылық экологиялық акция жүргізілді. Акцияның мақсаты – отбасы мен ата-аналардың, қала тұрғындарының назарын табиғаттың ластану проблемасына аудару, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыруболып табылды.
Жоспар бойынша жоғарыда аталған іс-шаралар өз деңгейінде жүргізілді. Алдағы уақытта жалғасын табады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары
Жапарова А.К., Кайдаулова Д.Е.