Әр адамның өмірінде спорттың алатын орны орасан зор. Яғни спортпен шұғылданған адамның денсаулығы мықты және шымыр болатыны белгілі. «Бірінші байлық – денсаулық» демекші, біздің өміріміздегі ең құнды дүние денсаулығымыз болып табылады.
Қаламыздағы А.Құнанбаев атындағы мектеп – гимназиямызда, спорт алаңында 14 - қыркүйек күні «Мектеп лигасы - 2024» ойындарының ашылу салтанаты өтті. Іс – шараға қала әкімінің орынбасары Мешітбай Қайыржанұлы, қалалық білім бөлімінің әдіскері Ораз Газезович және мектеп – гимназия директоры Карлыгаш Серикбаевна қатынасты. Қадірменді қонақтарымыз құттықтау сөз алып, оқушыларымызға сәттілік тіледі. Патриоттық әндер орындалып, мерекелік көңіл – күй сыйланды. Лига ойындарының ашылуы аяқталған соң іс-шара «Теңбіл доп - 2024» аяқ доп шеберлерінің ойынымен жалғасты. Ойынға 9-11 сыныптың ер балалары қатынасып, кім мықтыны анықтады. Нәтижесінде 1- орын 11 «В», 2- орын 10 «В», 3 – орын 9 «Б» сыныптарының жеңісімен аяқталды. Ойын жеңімпаздары арнайы мадақтамаламен марапатталды.
Әркімнің санасындағы спорт ұғымы – сан алуан. Расында да, көпшілікті ұлты мен жеріне, тілі мен дініне бөлмей өзіне ынтызар етер спорттың құдіреті жоғары. Бәріміз білетіндей, «спорт – денсаулық кепілі». Бастысы, талғампаз тәкәппәр өнерге шексіз беріліп, адалдық танытсаң берері мол - сиқырлы әлем екені сөзсіз.
Мағауов Ерболат Абайұлы
А.Құнанбаев атындағы мектеп – гимназиясының
дене шынықтыру пәні мұғалімі