oC

Қыркүйек айында мектеп- гимназиямыздың қыздары  «Бұрымды қыз» атты челленджіне қатысты.

Қазақ халқы ертеден қыз баланы әдептілік пен ибалылыққа тәрбиелеген, періштедей аялап, қорғаған. Қыз баланың қасиетін биіктетіп, сұлулықтың бастауына көтерілуіне жол ашқан. Ата-бабаларымыздың дәстүрлі дүниетанымында, әсіресе, қыз баланың өрілген ұзын бұрымына ерекше назар аударған. «Қыздың көркі – шаш, шаштың көркі – шаштеңге» дейтін бабаларымыз қыз бойындағы бар сұлулықты бір бұрымға сыйдырған. Мұның мән-мағынасы тереңде жатыр. Өйткені халқымыз шаштың киесі бар деп сенген. Дана халқымыз шашты сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, әйелдер қауымына берілген Алланың айрықша сыйы деп ерекше қарап, құрметтеген. Одан қалса, данагөй ата-бабаларымыз «шаштың киессі бар» деп қыз-келіншектерді жалаңбас жүргізбеген және шашының бір талын да кез келген жерге тастамаған. Ұлы Абай атамыз да қыздың бұрымы туралы былай деп жырлаған:

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

Нәзік жандылардың «Қаруы», сұлулығының көрінісі, иығынан төгілген қолаң шашы талай жыраудың жырына, ақынның өлеңіне арқау