oC

27 қыркүйек күні  1 қазақ Халықаралық қарттар күніні қарсаңында мектеп оқушылары үлкен қарт кісілерге құрмет көрсете білді. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қазынасы мол қариялар, өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Әрқайсыларыңыздың болашақ ұрпақтың  өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер - деген тілектермен мектеп- гимназиямыздың оқушылары қарттарды құттықтап, соңы мерекелік концертке ұласты.