Мақсаты: дублер күнін өткізу арқылы, мамандық таңдауға кәсіби бағыт беру, ұстаздық мамандықтың қызығы мен қиыншыляғын өз бойларынан өткізіп, мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Іс- шараға мектеп парламенті және 11- сынып жетекшілері мен оқушылары жауапты болды. 2-10 сыныптарға ұстаздық мамандықты таңдаған оқушылар сабақ кестесі бойынша пәндерден сабақ беріп,әдіс - тәсілдерге машықтанды. Ұстаздардан құралған 12 А,Б,В сыныптарына пәндер бойынша қызықты сабақтар өткізілді. Барлығы 700 оқушы, 67 мұғалім қатысты. Дублер күні ұстаздарға арналған мерекелік концертке ұласып, мектеп- гимназимыздың ұстаздарына керемет көңіл-күй сыйлады.