2024 жылдың 10 қазанында жас мамандармен жұмыс жүргізуге жауапты директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Копанова Нурсулу Лесбековна кезекті жас мамандармен оқыту сабағын өткізді. Отырыс мақсаты: Жас мамандарға қысқа мерізімді жоспардың жасалу тәртібімен таныстыру, бағыт-бағдар беру. Жас мамандарға аталған мәселе бойынша таныстыру жұмысын мектеп-гимназиямыздың ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Капакова Асем Шагиповна жүргізді. Асем Шагиповна қысқа мерзімді жоспар жасауда 130 бұйрыққа сүйене отыра жсау керектігін атап өтті. Жоспар жасауда мақсатты қалай қою керектігі, ұйымдастыру кезеңіне, негізгі және қорытынды бөлімге қанша уақыт бөлу, тапсырмаларға дискрипторларды қалай қою және оқушы әрекеті, педагог әрекетіне нені жазу керектігін толық қанды түсіндіріп өтті.