oC

Қалалық  «Мектеп Лигасы - 2024» 5-6, 7-8 сыныптар арасындағы шахмат жарысы 22-24.10 күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының базасында ұйымдастырылды.Жарысқа қала және аулы мектептерінің оқушылары қатынасты. А.Құнанбаев атындағы мектеп – гимназиямыздың командасы да тартысты ойындарда үздіктер қатарынан көрінді. Мектеп – гимназиямыздан 5-6 сыныптардан: Ғабит Нұрдәлет, Садрағзам Жансерік, Мұратхан Дастан, Өмірбай Аяулымдар жақсы ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде оқушыларымыз 4 - орынды иеленіп, жүлдеге бір табан жақын қалды. Жекелей қыздар арасында  Өмірбай Аяулым 3- орынды иеленді.

24.10 күні 7-8 сыныптардың ойынымен жалғасты. Мектеп – гимназиямыздың команда құрамы: Нұрахмет Еділ, Қуанышбек Айбын, Әбузар Әділет, Исламбек Ажар. Бақпен, бап қатар шапқан ойында оқушыларымыз барлық командаларды жеңіп, командалық  1- орынға ие боды. Алдағы 12-16 қараша Лисаковск қаласында өтетін облыстық ойынға жолдама жеңіп алды. Бұл мектеп – гимназиямыз үшін үлкен жеңіс. Әлемде шахмат – ақыл-ойды ­дамытатын,  денсаулық пен тәрбиені, жеңіске деген ерік-жігер мен мінездің беріктігін айқындайтын  спорт түрі. Оқушыларымыз облыстық жарыста да, ат ой салып, жеңіспен оралатынына сенім білдіреміз.

Мағауов Ерболат Абайұлы

Дене шынықтыру пәні мұғалімі