1-4 сыныптар арасындағы білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру үшін қосымша сабақтар өткізілді.
Олқылықпен жұмыс жасаудың негізгі мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларының әр пән бойынша біліміндегі олқылықтарды анықтап,оларды жүйелі түрде жою арқылы сапасын арттыру.
Негізгі міндеттері:
1.Оқушылардың әр пән бойынша білім деңгейін анықтау (бақылау жұмыстарын,тесттерді пайдалану).
2.Оқушылардың түсінбеген немесе әлсіз меңгерген тақырыптары бойынша қосымша түсіндірмелер мен тапсырмалар беру.
3.Әр пән бойынша негізгі ұғымдарды және негізгі дағдыларды қайталау арқылы бекіту.
4.Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін ойын элементтерін,интерактивті әдістерді қолдану.
5.Әр сабақтың соңында кері байланыс жасап,оқушылардың түсінігін тексеру.
Олқылықпен жұмыс жасау барысында оқушының пәнге деген сенімділігі артып.негізгі дағдылар қалыптасады. Ең бастысы-әр оқушының жеке ерекшілігі ескеріліп,білім алуға деген мотивациясы күшейеді.