2025 жылдың 27-28 наурызында тірек ауыл мектептері педагогтерінің кәсіби қоғамдастығы аясында тәжірибе алмасу мақсатында «Ауыл мектебі: жаңа мүмкіндіктер арнасы» республикалық әдістемелік интенсиві өтті. Шараға 135 ауылдық тірек мектебінің басшылары мен педагогтері қатысты.
Аталған республикалық интенсивке А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының басшысы Козбагарова К. С., басшының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Копанова Н. Л. және физика пәнінің мұғалімі Жабағы Е. Ғ. қатысып қайтты.
Интенсив барысында 9 бағыт бойынша шеберлік сыныптары ұсынылып, тірек мектептердің мұғалімдері озық тәжірибелерімен бөлісті.