04.04.25 күні мектеп - гимназия психологтары "Адамның бір қызығы – бала" тақырыбында тренинг өткізді. Ата - аналарға баланы құрметтеу, түсіну және қолдау негізінде тәрбиелеудің жолдарын, жазаның орнына тиімді балама әдістер, баламен сенімді қарым-қатынас орнату, эмоциялық интеллектіні дамыту сияқты маңызды тақырыптар қозғалады. Ата - аналарға видеороликтер мен эксперименттер көрсетіліп, талдау пікірлері жүргізілді.
Тренинг соңында ата - аналар баламен жағымды қарым-қатынас құрудың әдіс-тәсілдерін үйреніп, жазасыз да тәрбие беруге болатынын түсінді. Жас ұрпақты сүйіспеншілік пен сенімге негізделген ортада тәрбиелеудің маңыздылығын сезінеді.