oC

8–10 сынып оқушыларына функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған онлайн сабақ

Қостанай облысы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ-нің 2025 жылғы 3 ақпандағы №22 бұйрығына сәйкес, облыс оқушыларына функционалдық сауаттылықты дамыту мақсатында онлайн сабақтар өткізу тапсырылған болатын.

Аталған бұйрыққа сәйкес, А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Жабағы Ерболат Ғабитұлы  2025 жылдың  26 ақпан күні 8–10 сынып оқушыларына функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған онлайн сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау, диаграмма, кесте, график түріндегі ақпаратты сараптау, логикалық тапсырмаларды орындау сияқты дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар ұсынылды. Сабақ интерактивті форматта өтті, оқушылар белсенділік танытты.

Онлайн сабақ өткізген мұғалімдер Қостанай облыстық шығармашылық топтың құрамына енгізілді. Бұл топ алдағы уақытта да функционалдық сауаттылық бағытында әдістемелік жұмыстар жүргізуге тартылатын болады.