2025 жылдың 26 сәуір күні 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мен 7- мамыр Отан Қорғаушылар күніне орай мектеп- гимназиямыздың спорт секция жетекшілерінің ұйымдастыруымен 6 сынып ата-аналары арасында «Батыр әке-мықты ұл» спорттық эстафета. 5 сынып жітікшілер мен ата-аналар арасында «Біз біргеміз!» көңілді мәре. 7 сынып ата-аналары арасында «Достық пен татулық-елдің тұтқасы» волейбол жарысы өткізілді.
Іс- шараның мақсаты: «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын насихаттай отырып ата- аналар арасында, әке мен бала арасында ынтымақ, бірлікті нығайту, спортқа деген сүйіспеншілікті арттыру болып табылады. Аталған күн денсаулық пен сергектікке, достық пен татулыққа, шапшандық пен жігерлікке арналды.