Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия» КММ 2025жылдың
19 мамыр күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында көшпелі бағдарламамен «Ән – көңілдің ажары, күй – көңілдің базары» тақырыбында М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп білім алушыларына концерт қойдық.
А.Кұнанбаев атындағы мектеп-гимназиясынан мерекелік концертке 50 өнерпаз қатысты.
Мақсаты: Өнерпаздардың бір-бірімен етене араласып өнерлерімен бөлісу. Оқушыларды патриот, жанашыр болуға тәрбиелеу.
Мерекелік концертке мектебіміздің «Өрімтал» үйірмесінің мүшелері, республикалық ән байқауының лауреаттары Бертағы Амина, Болат Ақниет, Қайрат Жайдары, Қайрат Дарын, «Домбыра дастан» үйірмесінің домбырашылары республикалық домбыра байқауының жеңімпаздары Сабыржан Абай, Атлант Аруна қатысты. Мерекелік концертті тамашалауға келген көрермендерге тамаша көңіл сыйлап, көрермендердің ықыласына бөлендік