oC

25.04.2025 жылы біздің мектеп-гимназиямызда «Ағылшын тілі пәнін нейрожелі арқылы оқытудың тиімділігі» тақырыбындағы ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің облыстық семинары өтті. Семинарға облыс және қала бойынша барлығы 40 мұғалім қатысты. Семинар барысында мектеп-гимназиямыздың ағылшын тілі мұғалімдері Капакова А.Ш, Нугуманова Ғ.К, Алкебаева К.К және №1 Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Ахметова Г.Б, Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның ағылшын тілі мұғалімі Курманбаева А.Б., Восточный жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Сүйіндік А.Қ. өз ашық сабақтарын берсе, мектеп-гимназиямыздың ағылшын тілі мұғалімдері Кикбаева А.Т. Гильжанова З.К., М.Әуезов атындағы № 5 жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Гапбасова Г.А. және Б. Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Глебова Г.Н., А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының мұғалімі Байгенжин Т.А. және Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Әлімбай Ф.М. өздерінің шеберлік сыныптарын көрсетіп, тәжірибе алмасты. Қорытынды бөлімінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Анара Абилхановна сөз сөйлеп, семинар жоғары деңгейде өтті деп бағасын беріп кетті. Әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз