18.04.2025 жылы қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен кезекті республикалық "Абай оқулары" байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға қала және ауыл мектептерінен 75 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Байқауда қатысушылар ақынның өлеңдерін, қарасөздерін жатқа оқып, әндерін нақышына келтіріп орындады. Жас ақындар ақынға арнау өлеңдерін оқып, өз дарындылық қабілеттерін таныта білді. Байқау қорытындысы бойынша 8 "А" сынып оқушысы Атлант Аруна "Абайдың асыл мұрасы" номинациясы бойынша І орын. 5 "Г" сынып оқушысы Берікқызы Інжу ІІІ орын. 11 "Б" сынып оқушысы Отар Мұхаммедәли "Өлеңге әркімнің -ақ бар таласы" номинациясы бойынша ІІ орын. Жетекшілері Ибикенова Л.Қ., Забихолла Н.К. "Әнді сүйсең менше сүй" номинациясы бойынша 6 "Г" сынып оқушысы Қайрат Жайдары І орын. Жетекшісі Мырзагалиева Н.Ә. Бірінші орын алған оқушылар облысқа жолдама алды. Жеңістеріңіз құтты болсын!