oC

30.04.2025 жылы мектеп-гимназиямызда математика және физика пән мұғалімдерінің "Математика және физика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту" тақырыбында облыстық семинары өтті. Семинардың мақсаты: математика және физика пәндері арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, олардың теориялық білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге үйрету, есептеу, талдау және сыни дағдыларын қалыптастыру. Семинарда мектеп-гимназиямыздың және қала мектептерінің физика және математика пән мұғалімдері сабақ беріп, шебер сыныптарын көрсетіп, тәжірибе алмасты. Семинар соңында кері байланыс жасалып, семинар қатысушылары ұйымдастырушыларға, іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерге жылы лебізін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.