oC

Арқалық қаласының үздік мектебі!

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Арқалық қаласы білім бөлімінің А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
Арқалық қаламыздағы үздік білім беру ұйымы атанды!

Бұл мәртебелі атақ үшін мектепке 1,5 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды. Сыйлықты тамыз кеңесінде Арқалық қаласының әкімі Асанов А.Б. мектеп басшысына Козбагарова К.С  ресми түрде тапсырды.

Бұл жетістік – педагогикалық ұжымның кәсіби біліктілігі мен қажырлы еңбегінің, оқушылардың үздік нәтижелерінің, ата-аналар мен қоғамның қолдауының жемісі.

Конкурста мектеп келесі бағыттар бойынша жоғары нәтижелер көрсетті:

  1. Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу
  2. Сапалы білім беруді қамтамасыз ету
  3. Білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету
  4. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оқу орнын жарықтандыру және жабдықтау
  5. Білім алушылардың денсаулығын сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  6. Педагогтар мен басшылардың кәсіби және жеке дамуына жағдай жасау
  7. Инклюзивті білім беру мүмкіндігін қалыптастыру
  8. Соңғы үш жылдағы оқушылардың жоғары оқу жетістіктері мен мектептің ерекше миссиясы
  9. Білім беру сапасын тиімді басқару
  10. Білім сапасын ішкі және сыртқы бағалау нәтижелері
  11. Халықаралық ынтымақтастық

 Бұл жетістік – мектеп-гимназиямыздың тек қаламызда ғана емес, облыс көлемінде де білім беру көшбасшысы екендігін дәлелдейді!

C:\Users\1\Downloads\WhatsApp Image 2025-08-27 at 14.23.43.jpeg

C:\Users\1\Downloads\WhatsApp Image 2025-08-27 at 14.23.46 (1).jpeg

Converted to HTML with WordToHTML.net