oC

05 қыркүйек күні 9-10 сынып білім алушылары  үшін  А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Түлек жолы – армандарға апарар жол» атты  кездесу кеші өткізілді. Кездесуге А.Құнанбаев атындағы № 6 орта мектеп түлегі  Сәбитбек Болыс Мәжитұлы  келді.

Бүгінгі  кездесу ерекше, өйткені бұл кездесу – арман қуып, мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан түлекпен жүздесу.

Болыс Мажитұлы  2008 жылы мектепті тәмәмдап Англиядағы королева Мария атындағы Лондон университетіне оқуға түсіп сол университеттің түлегі атанды. Қазіргі таңда  сол университетте  математикадан ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарады.

Бүгінгі кеш — жай әңгіме емес. Бұл — болашаққа бағыт, өз-өзіңе сену үшін жігер беретін кездесудің сәті.
Біз бұл кездесуді «Түлек жолы – армандарға апарар жол» деп атадық. Себебі ол жол — әрқайсымыздың жүрегімізде.

Болыс мырзамен мақтанатын күн. Өйткені Болыс мырза — тек табысқа жеткен жан емес, сол табыстың кілтін де көрсететін жан.

Іс-шара барысында Болыс Мажитұлымен  сұхбат   жүргізілді Арқалықтағы балалық шағы, мектеп қабырғасындағы қуанышты жылдар, Англия еліне қалай барғаны, ол жаққа баруға не себеп болғаны, Лондандағы өмірі туралы айтып өз ойымен бөлісіп отырды. Аталған іс-шараның әсері білім алушылар үшін өте тамаша болды. Болашақ мамандықтары бойынша да бағыт бағдар берілді.

  1