oC
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні!Дәл осы күні қазақ тіл білімінің атасы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген. Ұлы тұлғаның тілге сіңірген еңбегін ұлықтау және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында елімізде тіл мерекесі атап өтіледі. Осыған орай, 05.09.2026 ж. мектебімізде 5–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Тілім барда айтылар сыр ойдағы…» атты жыр мүшайрасы өтті. 🎤📖
      Бұл кеште жас өрендер туған тілді дәріптеп, жүрек түкпіріндегі сезімдерін өлеңмен өрнектеді. Ана тілін ардақтап, өлең-жырын нақышына келтіре оқыған оқушылар көрерменге ерекше әсер сыйлады.
💫 Шара барысында:
    •    Туған тілге арналған өлеңдер оқылды;
    •    Күй мен ән орындалып, сахна көркі артты;
    •    Қазақ тілінің қадір-қасиеті тағы бір мәрте айшықталды.
 Тіл – ұлттың қазынасы, елдіктің негізі. Бүгінгі мүшайра жас ұрпақтың жүрегіне осы асыл ойды терең ұялата білді.