
2025 жылдың 01 қазан күні Халықаралық қарттар күніне арналған «Ұрпақтан ұрпаққа-тағзым» тақырыбында ата-әжелерге арналған мерекелік концерт өткізілді.
Концерттің мақсаты – қарттардың қоғамдағы орнын дәріптеп, оларды құрметтеу арқылы ұрпақтар арасындағы рухани байланысты нығайту және мерекелік көңіл күй сыйлау болып табылды.
Қонақтарымызды шын жүректен бүгінгі мерекелерімен құттықтай отырып, «Өрімтал» үйірмесінің жеткіншіктері өз өнерлерін көрсете білді.
Қазақ «Қарты бар ел – қазыналы ел» деп қашанда үлкенді құрметтеп, қариясын қадірлеген халық. Қариялар көпті көрген шежіре сияқты және біз үшін даналықтың қайнар көзі. Ол кісілердің өнегелі еңбектері мен жетістіктері барлық ізгі қасиеттерің ерекше үлгі тұтамыз.Бұл күн – өмірлік тәжірибеге, жас ұрпаққа қалдырған өнегеге және даналыққа деген шексіз ризашылықтың белгісі.









