oC

 2025 жылдың 09 қазан күні 2-4 сынып білім алушы арасында «Ханзада мен ханшайым» күзгі бал байқауы өткізілді.

Іс-шараға қатысқан білім алушылар саны-28.

Мақсаты: Оқушылардың арасынан күз ханшайымы және күз ханзадасын анықтау, оқушылардың көркем-эстетикалық талғамын дамыту, тапқырлығын, шеберлігін анықтау, сайысқа деген қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге тәрбиелеу.

Байқаудың шарты бойынша қатысушыларымыз 3 кезеңге қатысты.

  1. «Өнерлі өрге жүзер» яғни өз өнерін көрсету  (ән, би, пародия )
  2. « Күзгі фэнтази-2025» (міндетті  бегендірілген күзгі қолшатыр  аксессуары болу керек)
  3. «Тапқыр болсан тауып көр» тапсырма топтамасы

«Алтын күз-2025 байқауына 2-4 сынып оқушылары белсене қатысып,берілген кезеңдерде шебер өнерлерін көрсете білді.

Бұл сайыста сынып жетекшісі мен ата-аналар үндесігі көрінді, сынып жетекшісі мен ата -аналарға алғыс айтылды.                                                                                           

Сайыс қорытындысы бойынша  барлық қатысушылар номинация бойынша марапатталды сонымен қатар  әр оқушыға сыйлықтар берілді.