Ағымдағы жылдың 16 қазанында республикалық 2-7 сынып оқушылар арасындағы "Зерде" зерттеу жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтті. Конкурстың мақсаты-балалардың зерттеу дағдыларын дамыту және мектеп оқушыларының интелектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру. Конкурсқа қала және ауыл мектептерінің 2-7 сынып оқушыларынан барлығы 55 оқушы қатысты. Біздің мектеп-гимназиямыздан бес оқушы қатысып, екі оқушымыз жүлделі орынға ие болды. Бастауыш сыныптар бойынша 3"А" сынып оқушысы Мұхамеджан Кәусар ІІ орынға, қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша 7 "В" сынып оқушысы Рамазан Айсұлу жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшілері Катешова Н.Т. Кендирбекова Л.А.. Жеңістеріңіз құтты болсын!









