31.07.2025 жылы Қостанай қаласында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әдістемелік орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Мектептегі әдістемелік бірлестіктер-педагогтер үшін тиімді дамытушы орта" облыстық байқауы өткізілді. Байқауға Қостанай облысы бойынша 9 команда қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды.
1.Өз командасын таныстыру
- Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру.
Байқау қорытындысы бойынша біздің мектеп-гимназиямыздың математика, физика пән мұғалімдерінің бірлестігі қатысып жүлделі ІІ орынға ие болды. Жеңістеріңіз құтты болсын!









