oC

А.Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өтетін
 «Абайдың қара сөздері – тәрбиенің қайнар көзі» атты қалалық байқауы

          Ағымдағы жылдың 20 қарашасында, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының жоспарына сәйкес, ауыл және қала мектептері арасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абайдың қара сөздері – тәрбиенің қайнар көзі» атты қалалық байқау ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі даналық ойларды насихаттау, оқушыларды адамгершілікке, өнегелі болуға, рухани мәдениетін дамытуға, шығармашылыққа баулу және Абай мұрасын терең түсінуге бағыттау.
          Байқау ережесіне сәйкес, оқушылар І кезеңде «Қазақта қара сөзге дес бермедім» ақынның 1 қарасөзін мәнерлеп жатқа айту керек болды. ІІ кекзеңде «Болмасам да ұқсап бақ» ұяшықтан ақынның кез-келген қара сөзінің мағынасын ашып түсіндіру керек болды. Қатысушылардың дикциясы, дауыс мәнері, мазмұнды түсінуі, көркемдік шеберлігі мен сахна мәдениеті, қара сөзді түсініп , мағынасын ашып талдауы бойынша бағаланды.
           Сайысқа жалпы 17 оқушы қатысып, А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиямыздың 9 «А» сынып  оқушысы ерекше дайындық көрсетіп, мазмұнды орындауымен көзге түсіп, Абайдың рухани ой-толғамдарының терең мәнін жеткізіп, шығармашылық қабілетін танытқаны үшін бас жүлдеге ие болдыrisunok22risunok33