oC

 

2025 жылының 03 қарашасы мен 03 желтоқсан аралығында “Құқықтық сауаттылық – жарқын болашақ кепілі” тақырыбында кәмелетке толмағандар арасында азаматтық құқықтық сана мен құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы жүргізіліп жатыр.
Мақсаты: қоғамда құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқыққа қарсы әрекеттердің туындауына жол бермеу.
Арқалық қаласы полиция басқармасы және өңірлік ауруханамен бірлескен «Құқықтық мәдениет – тәрбиенің негізі» тақырыбында 8-9 сынып білім алушылары арасында кездесу өткізілді.
Бүгінгі күн тәртібі:
1. «Зорлық-зомбылықтың алдын алу – қоғамның ортақ міндеті»
Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция лейтенанты Кабден Айгүл Қайратқызы
2. «Құқықтық тәрбие – қылмысқа жол бермеудің негізі»
Арқалық қаласы ПБ криминалды полиция бөлімінің аға жедел уәкілі полиция майоры Ибрагимов Сұлтан Ерланұлы
3. «Құқық бұзушылықтың алдын алу»
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Ғазез Аружан Жеңісқызы
4. «Жол қауіпсіздігі – бала өмірінің кепілі»
Арқалық қаласы ПБ патрульдік полиция қызметкері Зейнуллин Даурен Темирханович
5. «Зиянды заттардың алдың алу»
Арқалық өңірлік ауруханасының психо- әлеуметтік консультация дәрігері Саяпин Василий Николаевич
              Кездесуге қатысқан бала саны -150. Аталған іс-шараның тәлім тәрбиесі мол болды. Заңды білу – әр азаматтың міндеті. Әрқайсымыз өз іс-әрекетімізге жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын қатаң сақтасақ, қоғамымызда тәртіп пен тыныштық орнайды. Тәртіп бар жерде – береке бар, ал береке бар жерде – болашақ нұрлы.