oC

20 қараша күні 10-11 сынып білім алушылары арасында "Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында мектеп инспекторы Ғазез А.Ж. кездесу ұйымдастырылып өткізілді.

Мектеп инспекторының қатысуымен өткен бұл іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мектеп тәртібі мен қоғамдық нормаларды сақтау маңызын түсіндіру.

Өткен кездесу 10-11 сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыруда маңызды рөл атқарды. Инспектор ұсынған ақпарат оқушыларға түсінікті әрі пайдалы болды. Жалпы алғанда, іс-шара өз мақсатына жетті және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған тиімді профилактикалық шара ретінде бағал  анады.