Жапарова Айнагул Каримжановна
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Қарасу ауылында 1972 жылы 15 қарашада дүниеге келген. Білімі жоғары, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының биология, химия және география пәні мұғалімі мамандығын 1995 жылы аяқтады. Жалпы еңбек өтілі 35 жыл. Ұстаздық еңбек жолында шәкірттеріне жетекшілік жасай отырып, көптеген халықаралық, республикалық, облыстық жетістіктер көрсетті. Еңбек еткен білім беру ұйымдарында әкімшілік саласында 29 жыл қызмет етеді.
1994 ж- 2012 ж аралығында Арқалық қаласы Целинный орта мектебінде ұстаздық жолын бастап, 2009-2012 жылдары мектеп басшысы қызметінде болды.. 2012-2018 жылдар аралығында Арқалық медицина колледжінде Анатомия пәнінен сабақ беріп, болашақ медицина мамандарын оқытты, 2018-2019 оқу жылынан бастап Арқалық қаласы А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін оларды тәрбиелеуге жұмсайды.Сонымен қатар ол мектепішілік, қалалық қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға көмектесіп отырады. Ұжыммен, білім алушылармен, ата-аналармен тез тіл табысады. Ибалы, кішіпейіл, қарапайым, білікті ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отырады.
Марапаттары:
- Саналыұрпақтәрбиелеудегі сапалы білім саналы тәрбие берудегі ерен еңбегі үшін Халықаралық педагогикалық эксперт кеңесінің шешімімен «Педагогикалық даңқ» номинациясы бойынша энциклопедияға енгізілді, 1-дәрежелі диплом және төс белгісімен марапатталды.
- ОблыстықКәсіподақмүшелерінің еңбегін,олардың әлеуметтік –экономикалық құқықтарын қорғауда жемісті еңбек етіп, ұйым жұмысының нығайып дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін мадақтама.
- Білім беру саласындағытабыстыеңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігі үшін Қостанай облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы иегері
- Қостанайоблысыәкімдігінің білім басқармасы, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қостанай облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
- Қостанайоблысыбілім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы . Мадақтама, төс белгісінің иегері.
Отбасында жолдасымен бірге 3 ер бала тәрбиелеп өсіріп отыр.
Үлкен баласы Сагдиев Айдын – ТОО ДЕ-Трейд филиалы бөлімінің басшысы
Екінші баласы Сагдиев Ислам Арқалық қаласы Халық банкта бас менеджер
Үшінші баласы Сагдиев Аслан – Қостанай қаласы Зұлқарнай Алдамжаров атындағы әлеуметтік-техникалық университеті, туризм факультетінің 2- курс студенті.
Екі бала отбасылы болған. 5 немеренің әжесі. Жолдасы Жапаров Салимжан Сагдиевич шаруашылық қожалығында бас бригадир.
Өмірлік ұстанымы: қандай жағдай болса да адамгершілік қасиетті сақтап қалу.










