📚 3–4 желтоқсан 2025 жыл — Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңі өтті.
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне біздің мектептен білімді де алғыр оқушылар қатысып, өздерінің жоғары дайындығын, терең білімін және ізденісін көрсетті.
Олимпиада математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, биология, география, химия, физика, информатика пәндері бойынша өтті.
Бұл додада оқушыларымыз ерекше білімділік танытып, төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:
🏅 7-сыныптар бойынша:
• Химия пәні — Боранбай Медиан ІІІ орын
• Қазақстан тарихы — Қайрат Жайдары ІІІ орын
🏅 8-сыныптар бойынша:
• Қазақстан тарихы — Төлеухан Жанель ІІ орын
• Биология пәні — Койшыкулова Жанель ІІ орын
• Химия пәні — Тыныштық Алихан І орын
• Ағылшын тілі — Қуаныш Айзере ІІІ орын
🔹 Жетекші ұстаздары:
• Химия пәні: Молдағажиева З.С., Хусайынова С.К.
• Қазақстан тарихы: Қабимолда А.С., Аманкелді А.А.
• Биология пәні: Жапарова А.К.
• Ағылшын тілі: Гильжанова З.К.
Бұл жетістіктер – оқушылардың табанды еңбегінің, зор ынтасының, сондай-ақ ұстаздарының кәсіби біліктілігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Олимпиадаға қатысқан барлық оқушыларды және оларды даярлаған жетекшілерді шын жүректен құттықтаймыз!
Жас жеткіншектерге алдағы уақытта да тек биік белестерді бағындыруға тілектеспіз! 







