oC

«Ауыл мектебі сапа алаңы» республикалық жобасы аясында оқыту семинары

 

2025 жылғы 02 желтоқсанда А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия базасында «Оқу процесінде жасанды интеллектіні кіріктіру» тақырыбында қалалық оқыту семинары өткізілді. Семинар «Ауыл мектебі сапа алаңы» республикалық жобасы аясында ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру, білім сапасын көтеру және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға тірек мектепке бекітілген ауыл мектептерінің директорлары, директор орынбасарлары, сондай-ақ бағдарламада көрсетілген пән мұғалімдері қатысты.

Семинардың пленарлық бөлігінде мектеп-гимназия директоры Қозбағарова Қарлығаш Серікбаевна қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, жоба мақсаты мен ауыл мектептерін қолдау бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Бағдарлама бойынша қатысушылар бірнеше бағыттағы шебер-сыныптарға қатысты:

🔹 Жаратылыстану пәндерінде интерактивті симуляторларды қолдану

(физика, химия, биология, география пән мұғалімдеріне арналған)

  • Жабағы Ерболат Ғабитұлы (физика)
  • Хусайынова Салтанат Жұмабаевна (химия)

🔹 «Математика пәнін оқытуда модельдеу»

(математика, информатика, тарих, жаратылыстану бағытындағы мұғалімдерге арналған)

  • Ажибаева Аружан Аяновна (математика)

🔹 «AI және білім: мұғалімнің кәсіби дамуына ықпалы»

(ағылшын, қазақ тілі, орыс тілі пән мұғалімдеріне арналған)

  • Кикбаева Алтын Тоқтасыновна (ағылшын тілі)
  • Нұғманова Гайниса Қайырқбековна (ағылшын тілі)

🔹 «AI – квест: Білім жолындағы саяхат»

(бастауыш, ағылшын, қазақ тілі, орыс тілі пән мұғалімдеріне арналған)

  • Катешова Нұргүл Танатхановна (бастауыш сынып)
  • Шайкамалова Гүлнұр Бахытбекқызы (бастауыш сынып)

Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, жасанды интеллектіні білім беру процесіне енгізудің тиімді бағыттары талқыланды.

Іс-шара ауыл мектептерімен тәжірибе алмасуды, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруды және оқу үдерісіндегі цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін кеңейтуді көздеді.