oC

“Жеңіс” спартакиадасы шеңберінде қала және ауыл мектептерінің 7–8 сынып оқушылары арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Аталған спартакиада барысында 18.12 күні тоғызқұмалақтан және 22.12 күні шахматтан өткен сайыстарға оқушыларымыз белсене қатысты. Нәтижесінде команда жоғары дайындық пен ұйымшылдық танытып, екі спорт түрі бойынша да жүлделі II орынды иеленді.

Тоғызқұмалақ бойынша:

  • 1-тақтада Нұрсұлтан Нұржігіт 3-орын;
  • 2-тақтада Болатбек Айәділ 3- орын;
  • 3-тақтада Қайрат Феруза 3-орын;

 

Шахамат бойынша:

  • 1-тақтада Әбузар Әділет
  • 2-тақтада Оңғар Нұрсұлтан 1- орын;
  • 3-тақтада Киікбаева Ақнұр

 

Бұл жетістік оқушылардың жүйелі дайындықтарының, ұстаздардың кәсіби әрі тынымсыз еңбегінің, ата-аналардың қолдауының және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттаудың айқын нәтижесі болып табылады. Алдағы жарыстарда команда өз шеберлігін шыңдап, жүлделі орындар қатарынан көрінеді деген үміттемін.