oC

2025 жыл Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің «А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы» үшін табысты әрі жарқын жетістіктерге толы жыл болды. Аталған жылы мектеп оқушылары қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі білім сайыстарында, пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобалар байқауларында, спорттық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, мектеп абыройын асқақтатты.

Жыл қорытындысы бойынша осындай беделді сайыстарда жүлделі орындарға ие болған 63 оқушы мектеп әкімшілігі тарапынан ерекше құрметке ие болды. Мектеп басшысы оқушыларды Жаңа жыл мерекесіне орай алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапаттап, олардың еңбегі мен талпынысына жоғары баға берді.

Салтанатты шара барысында мектеп басшысы:
 «Бұл жетістіктероқушылардың тынымсыз еңбегінің, ұстаздардың кәсіби шеберлігінің және ата-аналардың қолдауының жемісі. Бүгінгі жетістікертеңгі үлкен жеңістердің бастауы», – деп атап өтті.

Мектеп-гимназиясының дарынды оқушылары алдағы уақытта да білім мен өнер, ғылым мен спорт салаларында биік белестерді бағындырып, ел абыройын асқақтата береді деген сенім мол.