oC

Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына және Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойына арналған 9–11 сынып оқушылары арасындағы «Мектеп Лигасы – 2026» қалалық тоғызқұмалақ жарысында мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.

Аталған зияткерлік сайыста Құсайын Дамир (10 «А» сыныбы), Бекет Ерхан (9 «В» сыныбы), Смағұл Гүлсая (9 «В» сыныбы), Құсайынова Анель (9 «В» сыныбы) бір команда құрамында өнер көрсетіп, жалпы командалық есепте ІІІ орынды иеленді.

Жеңімпаздар Арқалық қаласының білім бөлімі тарапынан Мадақтама грамотасымен марапатталды.

Оқушыларымызды және жетекшілерін жүлделі орындарымен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!

 

image1image2image3