"Жаса мәңгі, мерейлі Арқалығым!"
Көшпелі бағдарлама бойынша өткізіліген іс-шара
Арқалық – арман қала, өнер мен білімнің ордасы, талай таланттың қанатын сомдаған киелі өңір. Арқалықтан түлеп ұшқан таланттар тек туған жерінде ғана емес, республика көлемінде танылып, өнер өлкесінің даңқын кеңінен жайды. Өнерпаздардың еңбегі – халықтың рухын көтеріп, мәдени мұрасын сақтауға қосылған баға жетпес үлес.
2026 жылдың 30 қаңтар, 02 ақпан күндері Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында "Жаса мәңгі, мерейлі Арқалығым!" атты көшпелі концерттік бағдарлама Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп, Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектеп, №8 негізгі білім беретін мектеп және №10 жалпы білім беретін мектеп білім алушыларына тарту етілді. Концертте "Өрімтал" үйірмесінің өнерпаздары мен ата-аналары қатысты. Өнерпаздар ерекше сәт ретінде есте қалды, сахнадағы әрбір ән, әрбір би, әрбір өнер- туған жерге деген шексіз махаббат пен мақтаныш сезімін жеткізді.






